Жаңа жыл мерекесіне дайындық: мұз айдындары ашылмақ (Видео)
pexels.com
Өскеменде жаңажылдық безендіру жұмыстары қарқын алып, тұрғындар мен қонақтар үшін қысқы көңілді уақыт өткізуге жағдай жасалуда. Қаланың әртүрлі аудандарында мұз айдындары ашылып, барлық келушілерге тегін қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ашық мұз айдындарының мекенжайлары:
- «Алтай» стадионы – А. Чехов көшесі, 70а.
- Сол жағалау кешені «Этно парк» – Қ. Сәтпаев даңғылы, 79а.
- «Самал» саябағы.
- «Комендант көпірі».
- «Титан» стадионы (жабық мұз айдыны) – Жаңа Согра.
- «Пожарский двор» – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 21.
- Хоккей қорабы – Жастар көшесі, 23.
- Мұз айдыны – Красин көшесі, 8/1.
Бұдан бөлек, Өскеменнің 24 мектебінде де мұз айдындары ашық болмақ. Қаланың мұз айдындары – отбасы мен достарымен бірге қысқы уақытты қызықты өткізуге таптырмас орын.
Айта кетейік, ШҚО-да алғаш рет «Аяз ата, Ақшақар-2024» республикалық фестивалі өтеді. Фестиваль 19-21 желтоқсан аралығында өтеді. Қонақтар мен қатысушыларды үш күндік қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама күтеді.