Экологиялық ахуалды жақсарту назарда
Фото: Махаббат Ахметжанова
Өскемен қаласы – металлургия, химия және энергетика салаларының кәсіпорындары орналасқан ірі өнеркәсіп орталық. Сондықтан қаладағы ауаның ластануының негізгі көздері ретінде өндірістік кәсіпорындарды, жылу электр орталықтарын, көліктерді және қыс мезгілінде қаладағы жер үйлерді жылыту үшін көмір мен отынды пайдалану жеке шығарындыларды көбейтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жалпы жер бедері бойынша Өскемен қаласын тау жоталарының сілемдері қоршап тұр. Сондықтан жел соқпаған тынық күндері ауаға шығарылған барлық шығындылар қаланы көк тұманға орайды.
Қолайсыз метео жағдай деген не?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың басталуы туралы хабарламалар «Қазгидромет» РМК ақпараттық деректері бойынша келіп түседі.
Өскеменнің ауа сапасы қалай тексеріледі?
Өскемен қаласының атмосфералық ауа сапасына мониторингтік зерттеулерді «Қазгидромет» РМК 21 ластаушы зат бойынша мониторингті жүзеге асыратын 10 бақылау бекетінде жүргізеді.
Осы кезеңде Экология департаментінің мамандары қаланың әртүрлі аудандарында, оның ішінде жұртшылық өкілдері мен мәслихат депутаттарының қатысуымен атмосфералық ауаның сапасына үнемі өлшемдер жүргізіп отырды.
Бұған қоса, «Қазгидромет» РМК мониторингінің нәтижелеріне сәйкес көміртегі оксиді, PM2.5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді және азот диоксиді бойынша орташа тәуліктік ШРК-дан асып кету анықталды.
Кәсіпорындар тарапынан қандай әреттер жасалады?
ШҚО бойынша экология департаменті 2020 жылы Өскемен қаласының ірі кәсіпорындарымен («Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Согра ЖЭО» ЖШС) қолайсыз метео жағдай басталған кездегі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
Бұл меморандумға сәйкес, қолайсмыз метео жағдай кезеңінде Өскемен қаласының кәсіпорындары атмосфераға шығарындыларды азайту аясында өндіріс қуатын 10-20%-ға төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге міндетті.
Департамен ақпараты бойынша, қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінде шаң-газ шығарындыларын тазарту үшін 250 сүзгі және даниялық «ХальдорТопсе» фирмасы мен канадалық «Lavalin» SNC фирмасының (газдарды кәдеге жарату тиімділігі 99,8%) қондырғысымен жабдықталған үш күкірт қышқылы өндірісі пайдаланылуда.
«Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінде күкірт қышқылы өндірісін кезең-кезеңімен жүзеге асыру 2001–2022 жылдар аралығында күкірт диоксиді шығарындыларын 73,4 мың тоннадан 15,9 мың тоннаға дейін, яғни 4 еседен астам төмендетуге мүмкіндік берді. 2025 жылы «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінде күкіртті газды тазарту қондырғыларын жаңғырту аяқталады.
Департамент табиғатты пайдалану объектілерін бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қатаң сәйкестікте жүргізеді.
Газдарды тазарту жабдықтарының жұмысына мемлекеттік экологиялық бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тағайындалатын тексеру іс-шаралары аясында жүзеге асырылады.
Экологиялық жағдай денсаулыққа қауіпті
Үкіметтегі кезекті отырыста сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Буктугутов Қазақстан премьер-министріне ластану деңгейі жоғары аумақтардың, оның ішінде Өскеменнің экологиялық жай-күйін бақылау жөніндегі Үкіметтік комиссия құру туралы ұсыныспен жүгінді.
Сенатор Ольга Булавкина 27-29 қараша күндері казгиромет құрылғылары 3 зиянды және қауіпті зат шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кеткенін тіркегенін атап өтті. Яғни күкірт ангидриді шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,5 есе, көміртегі оксиді 2,2 есе, күкіртсутегі 4,4 есе артқан.
Сенат депутаттары өздерінің сәуір айындағы депутаттық сауалында өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты сын-қатер туралы мәлімдеген еді. Бұл жолы да, сенаторлар жалпы шығарындылары, ластаушы заттары жылына 2 500 000 тонна болатын, ластану деңгейі жоғары аумақтарда экологиялық жағдайды бақылау жөніндегі Үкіметтік комиссия құруды сұрады.
СЕНАТОР Қолайсыз жағдайдың туындау себептерін анықтай отырып, халықтың денсаулығына зиян тигізетін қолайсыз экологиялық жағдайдың себептерін жою үшін тиісті шаралар қолдану қажеттілігін алға тартты...
Қолайсыз метео жағдайда не істеу керек?
- Дене белсенділігін және ашық ауада болуын шектеу;
- Пәтерлердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу керек;
- Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз сілтілі минералды суларды, не болмаса шәй ішу керек, сондай-ақ ас содасының шамалы ерітіндісімен ауыз қуысын жиі шаю;
- Тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылша, қызылшаның шырыны, алма, жеміс киселі, сондай-ақ итмұрының, мүк жидектің, рауғаштың негізінде жасалған витаминді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу керек;
- Балалардың тамақтану рационында сүт және сүт өнімдерін, ірімшік, ет тұтынуды көбейтуге ұсыныс жасалады;
- Уытты заттарды шығару және азғаны тазарту үшін таган-сорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қолдануға ұсынылады;
- Ашық ауада ұзақ жүруге болмайды;
- Балаларды балабақшаларда серуенге шығармауға, мектептерде далада дене шынықтыру сабақтарын өткізбеуге кеңес беріледі;
- ҚМЖ кезеңдерінде мүмкіндігінше қаланың сыртына немесе саябақ аймақтарына барған жөн.
Ақерке Рағызбаева