KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды

gov.kz

Кеше, 13:00 71 Төлеуғазы Жансая

eGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін", - делінген хабарламада.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімін таңдау керек;
  • "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөлімінде "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу" бөлімін таңдау қажет;
  • қажетті деректерді толтырып, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.
  • Өтінімді өңдеудің жай-күйі туралы хабарлама мемлекеттік орган белгілеген уақыт ішінде түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу