KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Жастар төрт аяқты із кесушілерді үйрету жолдарын тамашалады – ШҚО

24.05.2023, 18:18 211

24 мамыр күні ШҚО полиция департаменті кадр саясаты басқармасы қызметкерлері ПД КҚО мамандарымен бірлесіп, қызметтік иттерді дайындау жолдарын жастарға түсіндірді. Шара Өскемен жастары арасында есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды іске асыру жоспары шеңберінде ұйымдастырылған. Шараға Өскемен қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері қатысты.

Мамандар жастарға иттердің күнделікті дайындығы, олардың көмегіне жүгінетін жағдайлар, төрт аяқты көмекшілерге жасалған ыңғайлы жағдай мен үйретуге жұмсалатын уақыт туралы баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Инспектор-кинологтар иттер иісі бойынша жарылғыш заттардың тұрған орнын қалай анықтайтынын, есірткі іздеу тәсілін, қылмыскерді ұстау шеберлігін көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар иттерге берілетін ас пен күшіктерді үйретуге қажетті білім деңгейі туралы сұрады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив