KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Өскеменнің 25-ші шағын ауданында жаңа қосалқы стансалар орнатылып жатыр

Бүгін, 18:30 73 Төлеуғазы Жансая

Өскеменнің 25-ші шағын ауданында толық трансформаторлық қосалқы стансаларды орнату және қосу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

«КЭМОНТ» АҚ №2 монтаждау учаскесінің мастері Олег Сидоровтың айтуынша, қазіргі уақытта мұнда 10 және 0,4 киловаттық екі блокты трансформаторлық қосалқы станциясының модульдік ғимараты құрастырылып жатыр. Заманауи қосалқы станция тұйықталған қорғаныс жүйесімен жабдықталған және толық автоматтандырылған, бұл электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл шағын ауданның үйлерін тұрақты электр қуатымен қамтуға, жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, 25-ші шағын аудан өндірістік аймақтардан қашық орналасқан, бұл оны тұрғын үй кешендерін салуға ыңғайлы аумаққа айналдырады. Жаңа қосалқы станцияларды орнату нәтижесінде электрмен жабдықтау сапасы артып қана қоймай, барлық көшелердің жарықтандырылуы жақсарады, сумен қамту жүйесі тұрақталады. Себебі сорғылардың дұрыс жұмыс істеуі де электр қуатына тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады.

Еске салсақ, аталған шағын ауданда жалпы саны 41 қосалқы станция орнатылмақ. Оның ішінде алғашқы 400 киловольт-амперлік 10 блокты-модульді ғимарат қазіргі таңда тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге толық дайын.  
Жабдықтардың барлығы, соның ішінде блокты-модульді ғимарат та аймақтағы «КЭМОНТ» АҚ зауытында өндірілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу