KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
498.69 522.23 5.79

ШҚО-да 55 жұп "ерекше күнде" шаңырақ көтерді

pixabay.com

Кеше, 18:00 97 Төлеуғазы Жансая

25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында 55-ке жуық жұп некесін заңдастырды. Жыл сайын осындай "сәйкес сандар" күндері үйленуге ниетті жастардың саны арта түсуде. Бүгінгі күн де бұл үрдістен тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Таңертеңнен бастап Өскемен және облыс аудандарындағы АХАТ бөлімдерінде қызу тіркеу жұмыстары жүрді.  Әдетте, облыста бір күнде 5-10 неке ғана тіркелсе, бүгін бұл көрсеткіш бірнеше есеге өсті. Жалпы, соңғы жылдары отбасын құруға ниетті жастардың саны тұрақты түрде артып келеді. Мысалы, 2022 жылы 4578 жұп шаңырақ көтерсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4682-ге жетті, ал 2024 жылы 4884 неке тіркелген.

АХАТ мамандарының айтуынша, соңғы жылдары жастардың отбасын құруға деген көзқарасы өзгерген. Бұрын жас жұбайлардың орташа жасы 22-23 болса, бүгінде 26-28 жасқа дейін ұзарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу