ШҚО-да тағы да түрмеде неке қиылды
Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі түрмеде неке қиылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Polisia.kz деректеріне сүйенсек, онлайн-неке рәсімі ОВ-156/15 мекемесінде болған. Қалыңдық түрмеге АХАЖ қызметкерімен бірге келген. Жас жұбайлар экранның екі жағында отырып, одақ құруға ниеттті екендерін білдіріп, неке жүзіктерін алмасқан көрінеді. Рәсімге күйеу жігіттің әкесі де арнайы келіп қатысыпты.
– Енді жастардың тезірек табысып, бала тәрбилеп, еліміздің дамуына отбасы ретінде өзіндік үлес қосуын тілейміз, – деп жазды ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз