Бүркіт баптаған өрт сөндіруші: Дархан Абзалов ұлттық өнерді дәріптеп жүр
Глубокое ауданының Алтай ауылындағы №21 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дархан Абзалов қазақтың байырғы дәстүрлерінің бірі – құсбегілікпен айналысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісіШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Абзалов төтенше жағдайлар қызметінде 2009 жылдан бері еңбек етеді. Ол көптеген өрттерді сөндіруге қатысқан, олардың ең ірісі – 2024 жылғы элеваторда болған өрт.
Бос уақытында ол туған өлкесінің тауларына шығып,«Қандыкөз» атты бүркітімен аң аулайды. Бүркітшілік – оның қанында бар өнер, өйткені арғы атасы да құсбегі болған.
Жуырда Дархан Түркістанда өткен чемпионатқа және Солтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан Республикасының VIII чемпионатына, сонымен қатар облыстық чемпионатқа қатысып, шеберлігін көрсетті.