KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Шығыс Қазақстанда қар жауады

Фото: Жасанды интеллект

5.03.2025, 10:00 854 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 5 наурызда облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Батыс және шығыс өңірлерде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

- Егер жолға шығу қажет болса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз: жылдамдықты асырмаңыз және көлік арасындағы қашықтықты сақтаңыз. Кез келген төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу