KZ
Өскемен
-1°
ясно Штиль
500.32 545.3 6

ШҚО әкімі: «Көгалдандыру ісіне үлес қосу – әр азаматтың парызы»

Фото: pixabay.com

Кеше, 12:00 127 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жасыл желек отырғызу, абаттандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі және тұрақты болуын талап етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында нақты тапсырмалар беріп отыр. Сол тапсырмалар негізінде тиісті мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Бізде барлық қажетті жағдай жасалған. Енді сөзден іске көшетін уақыт келді, – деді облыс әкімі.

Жиында айтылған басты мәселе – өңірлерді көгалдандыру. Әсіресе, облыс орталығы мен ірі елді мекендердің жасыл желекке орануы – тек көркемдік қана емес, табиғат пен адам денсаулығының кепілі екені атап өтілді.

– Бүгінгі күннің «жаңару» деген ұғымы – нақты әрекетпен басталуға тиіс. Аумақтарда жаңадан ашылатын кәсіпорындармен қатар, олардың айналасында бір тал ағаш отырғызуға да мән берілсін. Жасыл желексіз дамудың болмайтынын түсінетін кез келді, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, еліміздің Атырау, Маңғыстау, Қызылорда сияқты өңірлерінде топырақтың құнарлығы төмен, сонда да ол жақта жасыл желек салынып жатыр. Шығыстағы табиғат жағдайы анағұрлым қолайлы болғандықтан, бұл мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет.

– Ағаш өсіру – ниет пен жүйелі жұмыстың нәтижесі. Кез келген ағашты кез келген жерде өсіруге болады. Тек соған жауапкершілікпен қарап, уақытында суғарып, қажет жағдайда тыңайтқыштар беріп, бабын табуымыз керек. Жасыл аймақ – болашақ ұрпаққа қалатын естелік. Сондықтан әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға міндеттіміз, – деді облыс әкімі.

Бұл тапсырманың орындалуы – тек әкімдіктер мен мекемелердің емес, әрбір азаматтың азаматтық парызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу