Семейде «АГРОСЕМЕЙ – 2019» халықаралық көрмесі өтті
Шәкәрім Университетінің Аграрлық факультетінде халықаралық «АГРОСЕМЕЙ – 2019» ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер арасында көрме өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биылғы жылы 4-ші рет өткізіліп отырған «АГРОСЕМЕЙ – 2019» көрмесіне Ресей, Чехия, Болгария, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан сынды алыс-жақын шетелдерден ауыл шаруашылығы мамандары қатысты.
Көрме 5 бөлімнен тұрды, олар:
- ветеринария; - мал шаруашылығы;
- өсімдік шаруашылығы;
- кинология (иттердің көрмесі);
- тағам жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы саласындағы отандық тауарөндірушілер тарапынан инновациялық технологиялар жетістіктерін көрсету.