KZ
Өскемен
+20°
гроза жел 3 м/с, ОШ
511.92 588.91 6.44

“Әке – тірек, ана – жүрек”: Өскеменде ұрпақ сабақтастығын ұлықтаған шара өтті

22.05.2025, 12:45 176 Гульжан Мусина

Өскемен қаласында ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтты музей-қорығының қызметкерлері ұйымдастырған «Отбасылық құндылықтар үйлесімі» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті.

Іс-шара Қ. Қайсенов атындағы саябақта өтіп, музейдің жас мамандары мен олардың отбасыларын бір шаңырақ астына жинады. Бағдарламаның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, отбасылық жауапкершілікке тәрбиелеу. Бұл идея «Әке – тірек, ана – жүрек» қағидасымен тығыз байланысты.
Қатысушылар қазақтың «Тақия», орыс халқының «Матрёшка», украиндардың «Төрт табиғи күш» сияқты ұлттық ойындары мен викториналарға қатысып, отбасылары туралы өлеңдер айтып, дәстүрлерімен бөлісті.

Іс-шара аясында Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің отбасылық құндылықтары мен дәстүрлеріне ерекше мән берілді. Бұл – тек ойын емес, ұрпаққа мәдени мұраны жеткізудің жарқын үлгісі. Шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу