KZ
Өскемен
+20°
гроза жел 3 м/с, ОШ
511.92 588.91 6.44

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді: Медициналық анықтама автоматты түрде тексеріледі

Фото: pexels.com

10.06.2025, 18:30 113 Айна Ескенқызы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған маңызды жаңашылдықты енгізді. Енді 073/е үлгісіндегі медициналық анықтама Халыққа қызмет көрсету орталығына автоматты түрде түседі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мемлекеттік корпорация таратқан мәліметке сәйкес, ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесімен біріктірілді. Бұл қадам жүргізуші куәлігін алу кезінде жалған медициналық анықтамаларды ұсыну мүмкіндігін жойып, қызмет көрсету үдерісін анағұрлым ашық әрі жылдам етеді.

Азаматтар енді қағаз түріндегі медициналық анықтаманы алып келмейді. Жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті медициналық тексеру нәтижелері жүйеге  автоматты түрде енгізіледі. Бұл өтініштерді қарау мерзімін қысқартып, құжаттарды қолдан жасаудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңашылдық мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең көлемді цифрлық трансформация аясында жүзеге асырылды.

- Егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылатын болса, медициналық тексеруден өтудің, сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама алудың қажеті жоқ, - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу