KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Өскеменде көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты

23.07.2025, 14:05 182 Гульжан Мусина

Бүгін Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тұрғын үйдегі өртті сөндіру үшін АИК көтергіші пайдаланылды. Қондырғы арқылы су үздіксіз беріліп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 40 адам және 14 арнайы техника жұмылдырылды,- делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат Төтенше жағдайлар қызметінің 112 желісіне түскен жоқ.

Қосымша мәліметтер анықталып жатыр.

Дереккөз: ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу