KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 4 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Қоныс аударғандардың саны көбейді - ШҚО

altainews.kz

12.08.2025, 18:00 310 Жанаргүл Көкенайқызы

Шығыс Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында көші-қонның теріс айырмасы тіркелді – 1431 адам. Яғни өңірден көшіп кеткендердің саны келгендерден әлдеқайда көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымда аймақ халқының саны 722,2 мың адамды құрады. Соның ішінде қала тұрғындары – 486,4 мың (67,3%), ауыл тұрғындары – 235,8 мың (32,7%).

Халықтың табиғи кемуі 2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 357 адам болды (2024 жылдың осы кезеңінде табиғи өсім 151 адам еді). Биыл туғандар саны – 3009, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға аз. Қайтыс болғандар – 3366 адам, бұл өткен жылғыдан 2,7%-ға төмен.

Көші-қон құрылымына келсек, сыртқы көші-қонда 13 адамдық оң айырма байқалды (2024 жылы – -48 адам). Ал ішкі көші-қон бойынша теріс айырма – 1444 адам (2024 жылы – -777).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу