Өскемендік хоккейшілер Абай мұрасымен танысты
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Өскеменнің МХК «Торпедо» командасының жаттықтырушылары мен ойыншылары Семейдегі әйгілі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сапарды «Торпедо» клубының бас демеушісі – «Казцинк» компаниясы ұйымдастырды.
«Жидебай-Бөрілі» – еліміздегі ең ірі музейлердің бірі. 1940 жылы ашылған мәдени мекеме қорында 21 мыңнан астам экспонат бар. Ал ғылыми кітапханасында 16 мыңнан аса кітап пен құнды басылымдар сақталады. Олардың ішіндегі ең бағалысы музей залдарында арнайы қойылған.
10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды.
Экскурсия кезінде өскемендік спортшыларға Абайдың өмір жолы, шығармашылығы мен мол мұрасы жайында қызықты деректер айтылып, ақын туралы тың әңгімелер жеткізілді.
Дмитрий Чжан



