Өскеменде авиация ардагерлері әуе кәсіпорнының 90 жылдығын атап өтті
Өскеменде жергілікті авиация кәсіпорнының 90 жылдығына арналған дәстүрлі авиация ардагерлерінің басқосуы өтті. Салтанатты шараға 22 ардагер – ұшқыштар, авиатехниктер және тікұшақ командирлері қатысты. Олар өңірдегі әуе тасымалының дамуына елеулі үлес қосқан жандар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесуді «Взлет» авиация ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Яков Гунькин ұйымдастырды. Бұл – Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз бірлестік, ол шамамен 70 ұшқыш пен бортсерікті біріктіреді.
ШҚО авиациялық бөлімшесінің басшысы Қалихан Байғонусов ардагерлердің барлығын ортақ естеліктер байланыстыратынын атап өтті.
Басқосуда аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың атынан ардагерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
Кездесуде «Құрметті авиатор» орденінің иегері Лариса Жукова да сөз сөйледі. Оның айтуынша, мұндай марапат Қазақстанда небәрі үш бортсерікте ғана бар, ал олардың екеуі – Өскеменнен. Лариса ханым қаладағы алғашқы әуежайдың 1935 жылдың 10 тамызында салынғанын еске салды. Ал 14 тамыз күні алғашқы ұшақ Өскеменге қонған.
Осыдан бастап 1930-жылдардың ортасынан Риддер, Зырян, Зайсан, Катонқарағайға тұрақты рейстер ашылып, әуе қатынасы жолға қойылды. Ол кезде жастар ұшақтарды ерекше ықыласпен қарсы алып, көпшілігі аэроклубтарға, ұшқыштар мектебіне жазылып, аспанға самғауды армандаған.
Ардагер-ұшқыш Сергей Беляков та өз естеліктерімен бөлісті.
Сергей Федорович ардагерлерге өзінің «Еңбек ерлігі үшін» медалін көрсетті. Бұл марапатқа ол 1980 жылы Ан-2 ұшағымен рекордтық көлемде егістік алқабын өңдегені үшін ие болған.
Жылы шырайлы кездесу авиация ардагерлерінің еңбегіне құрмет қана емес, Өскемен әуе тасымалы тарихының жарқын беттерін де еске салды.
Роксана Глыбова
Фото: Александр Шушеньков
Видео: Жалғас Сағадиев














