KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

«Шырға тартудан» қалалық жарыс өтіп жатыр

28.08.2025, 11:30 289 Айдос Мырзахметов

Өскеменде қала күні мен Конституция күніне орай алғаш рет «Шырға тарту» жарысы ұйымдастырылды. Қазақы тазы тұқымдарының бұл додасы «бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей, иттердің де, итбегілердің де шеберлігін сынады. Жарыс қаланың шетіндегі Ахмер ауылының жазығында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қаламызда мұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қала әкімі Алмат Ақышовтің тікелей қолдауымен қолға алынған шараны дәстүрлі ету ойымыз бар. Бүгінгі сайысқа 70-тен астам итбегі тазыларымен келді. Алдағы жылдары қатысушылар санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл – ұлттық дәстүрді дәріптейтін маңызды іс-шара. Қала деңгейінде өткенімен, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарынан да қатысушылар келіп отыр, – дейді Өскемен қалалық спорт бөлімінің басшысы Диас Ерланұлы.

Жарысқа келген тазылардың дайындығы жоғары. «Ұшқан құс, жүгірген аң құтылмайды» дегендей, әрбір итбегі өз құмайына сенім артты. Солардың бірі – «Лашын» атты тазысымен келген Назым Тұрсымбаева.

– Өткен жылы алғаш рет қатысқанымызда «Лашын» әлі жас еді. Қазір үш жасқа толды, ептілігі де артты. Соны байқайық деп әкелдік. Өзім су спортымен айналысамын, күн сайын итімді серуендетіп, бір сағаттай жүгіріп тұрамыз. Қыста аңға шығамыз, – дейді ол.

«Шырға тарту» сайысында тазылар бір шақырым қашықтықта бақ сынады. Желдей жүйрік жануарлардың шабысы көз ілестірмес жылдам, мәресі қысқа болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыс – иттердің бапталуы мен иелерінің еңбегін айқындайтын үлкен сынақ.

Фото: Александр Шушеньков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу