KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Қазақстанда бақылау-кассалық машиналар жаңа хаттамаға көшеді

stock.adobe.com

24.09.2025, 12:30 2 605 Төлеуғазы Жансая

Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторларының (ФДО) серверіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан (БКМ) ақшалай есеп айырысу деректерін беру хаттамасының жаңа 2.0.3 нұсқасын енгізгенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа хаттама 2025 жылғы 20 маусымда Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланған. Онда екі негізгі жаңашылдық қарастырылған:

  • бақылау-кассалық машиналарды тауарлардың Ұлттық каталогына автоматты түрде қосу мүмкіндігі;
  • БКМ-нің нақты орналасқан жерін ФДО жағынан геолокация арқылы анықтау сервисі.

Комитеттің мәліметінше, аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын бақылау-кассалық машиналарды қолданатын салық төлеушілер 2025 жылғы 15 қазанға дейін, ал электрондық құрылғы түріндегі БКМ (темір кассалар) қолданушылар 15 қарашаға дейін жаңа хаттамаға сәйкес құрылғыларын қайта бағдарламалауға тиіс.

Бұл үшін кәсіпкерлерге БКМ әзірлеушілеріне немесе техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.

2025 жылғы 17 қарашадан бастап бұрын қолданылып келген 2.0.2 нұсқасы өшіріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу