KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстанда құжат жасату қымбаттады

7.01.2019, 05:33 342


2019 жылы Қазақстанда құжат жасату қымбаттады. Мәселен, паспорт - 20 200 теңге, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы АЕК мөлшері артуына байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:


-жеке куәлік - 505 теңге;


 -паспорт - 20 200 теңге;


 - жүргізуші куәлігі - 3150 теңге;


- көлік құралын тіркеу туралы куәлік - 3157 теңге;


- туу туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге;


- неке қию туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге


Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында  құжат рәсімдеу үшін банк комиссиялары ұсталатынын да  ескертеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив