KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Семейде аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әскери қызметкер сотталды

25.01.2019, 05:41 266



Семей гарнизонының әскери соты аймақтағы әскери бөлімдердің бірінің бұрынғы әскери қызметшісіне қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Анықталғандай, сотталушы 2013 жылы қызметтік тұрғын үйді заңсыз алу, кейіннен ол үшін ақшалай өтемақысын алу мақсатында өзінің пәтерін жақын туысына формальды түрде сыйға тартқан. Сөйтіп өзінің тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатқан. Сол жылы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің техникалық қателіктер жіберуі салдарынан жылжымайтын мүлік туралы анықтамада оның жеке меншігінде баспана жоқ екені көрсетілген. Аталған мәліметтердің жалған екенін біле тұра, ол тұрғын үй комиссиясына қызметтік пәтер алу үшін кезекке тұруға құжаттарын өткізген. 2017 жылы әскери қызметші мемлекеттен қызметтік тұрғын үй алып, оны еңбек сіңірген жылдарына байланысты жекешелендіру құқығына ие болады. Алайда үй жекешелендіруге жатпағандықтан, жекешелендіру құқығының орнына 17 000 000 теңгеден астам ақшалай құны төленеді. Осылайша ол заңсыз әркеттері арқылы мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.


– Сот отырысында азамат өзінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінетінін білдірді. Мемлекетке келген шығынның орны толған жоқ. Сондықтан айыпталушыға бес жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ сот 13 жастағы баласын ескеріп, аталған жазаны баласының 14 жасқа толғанына дейін мерзімге кейінге қалдыру қажет деп санады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деді Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Жамал Бекенова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив