KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Жетім балалар жалдамалы баспаналарын неге жекешелендіре алмайды?

6.04.2023, 15:20 250

ШҚО әкімі Даниал Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Алғашқы болып қабылдауға кірген Александра Талхигова жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты бірқатар мәселелермен жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізде болса, ол әлеуметтік желілерде кәмелетке толмағандарды оңалту орталығында орын алған зорлық-зомбылық әрекеттер туралы проблема көтерген болатын. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар ол жетім балалар "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіре алмайтынын да атап өтті.

– Бұл мәселе бойынша біз мәжілісмендерге Парламенттің отырысында тақырыпты көтеру үшін хат жолдаймыз. Сондай-ақ осы бағдарлама аяқталғаннан кейін пәтерлер қалай бөлінетінін түсіну керек. Бес жыл бойы мүгедектік тобын ала алмай жүрген Орынғазы Сүлейменов маған өте ауыр жағдайда қабылдауға келді, оның шынымен науқас екені анық. Бұл сұрақты өзімнің жеке бақылауыма алдым әрі денсаулық сақтау басқармасының мамандарына толық тексеру жүргізіп, жағдайды зерттеуді тапсырдым, – деді облыс басшысы.

Бүгінгі қабылдауға банктегі несие берешегіне байланысты баспанасынан айырылған Маргарита Есімханова есімді азаматша да келді. Оған сотқа жүгінуге кеңес берілді, себебі ипотекалық шарттың мерзімі әлі аяқталмаған.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу