KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Қазақстанда алаяқтардың 34 миллион қоңырауы бұғатталды

Фото: ixbt.com

1.06.2023, 11:09 7 990

Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан соғылатын телефон алаяқтықтары жиілеп кетті.

Сонымен қатар, алаяқтар өздерінің әрекеттерінде нөмірлерді ауыстыру қызметтерін жиі пайдаланады. Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап

Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелері дерекқорларының интеграциясын ұйымдастырды. Қабылданған техникалық шаралар халықаралық трафик арқылы өтетін қазақстандық абоненттік нөмірлерге фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 миллион алаяқтық қоңыраулар анықталып, бұғатталған. Ал ағымдағы жылдың басынан бастап 15 миллионнан астам қоңырау анықталды.

Бұдан басқа, осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде call-орталықтар қызметін бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстырумен айналысқан бес трансұлттық қылмыстық топтың қызметі анықталып, жолы кесілді.

Сондай-ақ желтоқсан айында Украинаның Ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдалануға байланысты телефон алаяқтықтарының саны екі есеге дейін азайған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив