KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

Министрлік қазақстандықтарға интернет шектелетінін ескертті

17.07.2019, 10:51 164

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Құзырлы мемлекеттік органдар елорданың байланыс операторларымен бірлесіп, техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрліктің ақпаратынша, бұл қала тұрғындарын, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдан, интернет-алаяқтар мен түрлі киберқауіптен қорғау үшін қажет. Осыған байланысты елордалықтар кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін

"Жекелеген интернет-ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мобильді құрылғының (ұялы телефон, планшет) тіркеліп-тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазақстандықтар әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен ұялы байланыстың сапасына жиі шағымданады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу