KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Қазынаның қақпағы халықтың қолында болуы керек - "Ақ жол"

30.12.2020, 12:51 330
ҚР Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, партияның облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев бастаған республикалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріне сапары барысында «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті. Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Маңғыстау өңірі – «Ақ жол» партиясының негізгі тірегінің бірі. Қазақ «елу жылда ел жаңа» деген. Басқару жүйесінің бұрынғы амалдарының жаңа мәселелерді шешуге қауқары жоқ. Бұған эпедемия басталғанда көзіміз жетті. Қай саланы алмасақ та, жемқорлық жайлап, іріп-шіріп дағдарыста тұрғанын көрсетті. Біздің ұсынысымыз –экономикалық-саяси тұрғыда түбегейлі өзгеріс қажет. Қазақта тағы бір жақсы мақал бар «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген. Қазанның да, қазынаның да қақпағы халықтың қолында болуы керек», – деді мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов. Ал «Ақ жол» демократиялық партиясы жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Бақтиярқызы маңғыстаулықтарға партия ұсынған өзгерістердің іске асуы халықтың таңдауына байланысты екенін айтып, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу