Оксана Шишкина семейліктермен кездесті - Халық партиясы
Семейде Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Оксана Шишкина жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Онда ел игіліктері мен табиғи ресурстарды бөлуге қатысты мәселелер көтерілді. Оксана Шишкина табиғи ресурстар халыққа қызмет етіп, республика азаматтарының бақылауында болуы керектігін және олардың әділ әрі ашық бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы салаларды дамыту арқылы жүзеге асырылуы керек. ҚХП өкілінің жергілікті тұрғындармен кездесуі сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.