KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейде 1,2 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салынады - Nur Otan

27.12.2020, 11:17 389

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Марат Құрманбаев, Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Найля Альменева, Еркебұлан Тұрсын Ново-Баженова ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, партияның алдағы 5 жылғы бағдарламасын таныстырды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша нақты атқарылатын жұмыстарға тоқталды.


Алдағы уақытта 2021-2022 жылдары Ново-Баженово ауылдық округінде 1,2 мың басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салынады. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артады. Нақты айтар болсақ, 2025 жылы семейліктердің жалақысы 23%-ға 139-дан 165 мың теңгеге дейін артпақ. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі 5-тен 4,7%-ға дейін төмендемек.


Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша нақты шаралар атқарылмақ. Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 100-ден астам гранттар мен микрокредиттер беріп, жыл сайын «Бизнестің жол картасы» бойынша кемінде 80 бизнес-жобаны және «Ақниет» өңірлік бағдарламасы аясында 12 бизнес жобаны іске асыру жоспарланып отыр.



Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы Сайлау қоры қаражатынан төленді


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу