Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін беру тәртібі қандай?
Фотосурет ғаламтордан алынды
Әрбір жер учаскесінің нысаналы мақсаты болады. Жер учаскесі жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы сияқты жеке мақсаттар үшін де, сауда, өндірістік, қойма, туристік нысандар және коммерциялық мақсаттар үшін де пайдаланылуы мүмкін. Коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тікелей беруі арқылы (сұралып отырған объектіні қала құрылысы, экологиялық, санитарлық және өзге де талаптарға сәйкес орналастырған кезде) не сауда-саттықтан құқық алу жолымен (бұл ретте электрондық сауда-саттық уәкілетті органдар мен тиісті қызметтер келіскен жер учаскелеріне жүргізіледі) берілуі мүмкін.
Жер учаскесін коммерциялық мақсаттар үшін тікелей беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 48-бабында белгіленген ерекше жағдай расталған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай грант, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, жобаны мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жататын облыс аумағын дамыту жоспарына енгізуде,жер учаскелерін беруге негіз бола алады.
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес берілетін жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың, рұқсаттың) негізінде берілуі мүмкін.
Сондай-ақ, жер учаскесі өздеріне меншік құқығымен тиесілі ғимараттарды (үйлерді, құрылыстарды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес іргелес аумақтағы ғимараттарды (үйлерді, құрылыстарды) кеңейту және реконструкциялау үшін қосымша ретінде берілуі мүмкін. Жер учаскелерін немесе олардың жалдау құқығынсату бойынша сауда-саттық (аукцион) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген жер учаскелерін немесе жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz-E-Qazyna.kz) электрондық түрде жүзеге асырылады.