KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

Журналист сотта не істей алады?

Фото: depositphotos.com

27.09.2024, 15:30 797 Ержан Әбіш

Бүгінгі таңда сот журналистикасының арқасында халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы күннен-күнге артып келеді. Сот процестерінде барлық қатысушылардың қылмыстық іс жүргізу заң талаптарын қатаң сақтауы – басты мәселелердің бірі.

Көптеген журналистерді ашық және жабық сот процестерінің қайсысы қолжетімді екені, сондай-ақ қай процестерде бейне, фото түсіру мүмкіндігі бар екені қызықтырады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне не істеуге болатыны және неге рұқсат етілмейтіні туралы сұрақтар жиі туындайды.

Айта кету керек, сот процестері ашық және жабық түрде өтуі мүмкін. Ашық процесте журналистер мен барлық ниет білдірушілер сот залына қатысуға құқылы. Соттар қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптарын қатаң сақтауға және сот процесінің жариялылығы қағидасын бұзбауға, сондай-ақ журналистерге ақпарат алуда және оны кез келген заңды жолмен таратуда негізсіз шектеулер қоймауға міндетті. Демократиялық қоғамда жариялылық және ашықтық – әділеттіліктің негізгі қағидалары. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтарын қамтамасыз етеді.

Алайда, төрағалық етуші судья сот процесінде фото немесе бейнежазба жүргізуге рұқсат бере алады және егер процестің қатысушылары қарсы болса, оны шектей алады. Бірақ, судья өз бейнесін және мемлекеттік айыптаушының бейнесін түсіруге тыйым салуға құқылы емес.

Сот процесінің басында төрағалық етуші судья бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына және онлайн-трансляция, бейне немесе фото түсіруге рұқсат береді. Журналист сот процесінің барысын жазбаша түрде тіркеуге құқылы. Компьютерде мәтінді теру жазбаша бекітуге теңестіріледі, сондықтан сот залында компьютер арқылы блог жүргізуге заңмен тыйым салынбайды. Алайда, сот процесінде төрағалық етуші судьяның бейне, аудио, фото түсіруді тоқтату туралы нұсқаулары міндетті және барлық қатысушылар, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері орындауға тиіс.

Соттар БАҚ өкілдеріне барынша қолайлы жағдай жасауы қажет. Журналистерге арналған стационарлық колонка орнатып, оның жанына микрофондар мен диктофондарды орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. Себебі, сот бұқаралық ақпарат құралдарын назардан тыс қалдырған жағдайда процестің барысын сапасыз жариялауға және теріс салдарға әкелуі мүмкін. Сот журналистикасы арқылы бұқаралық ақпарат құралдары сот процестерінің барысы мен нәтижелері туралы кеңінен ақпарат таратуға мүмкіндік береді.

 Галина Савина,

Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив