KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

«TALQYLAU» диалог алаңында Президент Жолдауы талқыланды - ШҚО

15.09.2023, 09:55 277 Ләззат Қанатқызы

«AMANAT» партиясы  филиалының «TALQYLAU» диалог алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылақылады.
Диалог алаңында облыс тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жауап ала алды. Шалғай аудан тұрғындарына да ыңғайлы болуы үшін әлеуметтік желіде тікелей эфирлер жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал, сарапшылар шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен олқылықтары бойынша сарапшылар өз пікірлерін білдірді.

Мәселен, «Ертіс ӘКК» АҚ өкілі Танат Сағатұлы ауыл тұрғындарын кәсіпке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту есебінен кірістерін көбейту мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы ақпарат берді.

- Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 535 118 000 теңге қаржы бөлінген. Ағымдағы жылдың қырүйегіне дейін аталған соманың 50 пайызға жуығы үлестірілді. Аудандардан 100-ден астам өтініш түсіп, барлығы 94 ауылшаруашылық саласы жобаларына 760 миллион теңге көлемінде несие берілді. Несиенің ең көбі ет, сүт өнімдерін алу және мал басын көбейту мақсатында жасалған жобаларға бөлінді, - дейді  Танат Сағатұлы.

Жалпы «TALQYLAU» диалог алаңының міндеті – мемлекеттік органдар, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері арасында сындарлы диалог құруды қалыптастыру. Сондай-ақ жергілікті жерлерде партияның жұмысын жандандыруға, жаңа сапалы сарапшылардың ағынын қамтамасыз ету болып табылады.

- Бүгінгі «TALQYLAU» диалог алаңында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттары бойынша маңызды мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер «AMANAT» партиысы ШҚОФ филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңеске қарау және ұсынымдар әзірлеу үшін берілетін болады. Бұдан әрі әзірленген ұсынымдар атқарушы билік пен бизнес арасында сындарлы диалог құру үшін атқарушы билік органдарына жолданады, - деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу