Ауылдарды идеологиялық керуен аралап жүр – Үржар
Үржардың шағын ауылдарын идеологиялық керуен аралап шығады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ауыл тұрғындарын арзан тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған керуен ат басын бірінші Салқынбет ауылдық округінің Қарабұйрат ауылына тіреді.
«Сындарлы қоғамдық диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент Жолдауын насихаттау және ауыл тұрғындарын бағасы төмен халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында идеологиялық керуен жұмысын бастады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекет саясатының басым бағыттары насихатталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы ауыл тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынса, денешынықтыру және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырды. Шалғай жатқан ауыл тұрғындары осындай шаралар ауылда жиі өтіп тұрса деген ниеттерін білдірді», – делінген аудан әкімдігінің ресми сайтында.