KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Вашингтонда домбыра үйірмесі жұмыс істейді

4.03.2024, 15:18 135

Вашингтонда тіл үйрету сабақтары мен домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Әзірге, ұйымдастырылған топтар балаларға арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Домбыра үйірмесінің ұстазы Бексұлтан Сейдулла Фулбрайт бағдарламасымен магистратураға түсіп, былтыр Вашингтонға келген. Осыған дейін Францияда жоғары білім алып, Қазақстанда қызмет еткен талапты жас мектеп кезінен домбыра тартады. Мұхиттың арғы жағына сүйікті аспабын ала келген. Жоғарғы оқу орынында білімін жетілдіріп қана қоймай АҚШ-та тұрып жатқан қазақ балаларына домбыра үйретіп, ұлттық мәдениетімізді бойларына сіңіргісі келеді. Алдағы уақытта ересектер тобын ашу жоспарда бар екен.

«Францияда оқуда жүрген кезімде балаларға неге домбыра сабақтарын үйретпеске деген сұрақ қойдым өзіме. Бұл сұрақ кішігірім домбыра үйірмесіне айналып, екі жылдай жалғасты. Содан кейін Вашингтонға көшіп, домбыра сабағын жалғастырайын деп елшіліктің қызметкері Өтегенов Ерланмен бірігіп, домбыра үйірмесінің сенбілік тобын аштық»,-дейді Бексұлтан Сейдулла.

Шәкірттеріне жеңіл туындыларды үйретуден бастаған Бексұлтан болашақта «Адай», «Еркесылқым», «Балбырауын» күйлерін үйретіп, мерекелік шараларға қатыстыруды мақсат етіп отыр. 
                                                              


                                                                     Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив