KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 1 м/с, В
443.35 475.54 4.82

ШҚО филармониясы аудандарға гастрольдік сапарын бастады

Фото: Ертіс концерт
Фото: Ертіс концерт
26.03.2024, 17:45 59 Қызырбек Дүргінбайұлы

ШҚО мәдениет басқармасының келісімімен «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» биылғы ауданаралық гастрольдік сапарын бастады. 
Өнерпаздар алғашқы өнер сапарын Риддер қаласынан бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс орталығынан арнайы барған өнерпаздар Риддер қаласының Бутаково, 4-ші аудан ауылдарының мәдениет үйлерінде концерт өткізді. 

 – Аталған гастрольдік сапардың басты мақсаты - облыс жұртшылығына ұлттық өнерді насихаттау, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, әрі идеологиялық тұрғыда келешек ұрпақты тәлім-тәрбиеге баулу, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы директорының орынбасары Альбина Уанова. 

«Ауылым – алтын бесігім» атты концерт «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы», Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртістері және мәдениет саласының үздіктері Айжан Мазкенова, Жанат Бисимбаевтардың қатысуымен өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив