KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Қазақстанда өткен аптада 355 төтенше жағдай болды

Фото: kaz.orda.kz

7.08.2023, 14:13 202 Оразай Жеңісұлы

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2224 рет шықты. 284 адам, оның ішінде 55 бала құтқарылды. 201 адам, оның ішінде 40 бала эвакуацияланды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Елімізде бір апта ішінде 278 өрт, 1302 жану, 431 басқа тосын оқиғалар болды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

112 құтқару қызметіне 154 146 қоңырау келіп түсті және 134 дауылды ескерту жіберілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу