KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Көлігіне бейәдеп сөз жазған азамат айыппұл арқалады – ШҚО

22.04.2024, 19:00 132 Қызырбек Дүргінбайұлы

Тұрғындар артқы терезесіне былапыт сөз жазылған көлікті бейнетастапаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Сондай-ақ бұзақылық туралы полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында артқы терезесіне былапыт сөз жазылған «Ваз-21099» көлігінің тізгіндеушісін Глубокое ауданы, Бобровка ауылынан тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Көлік жүргізушісі өз қателігін мойындап, көлігіндегі былапыт сөзді сол жерде өшіріп тастады. Ал полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық бойынша көлік жүргізушісіне айыппұл салып, хаттама толтырды.

– Бізге көлігінің артқы терезесіне былапыт сөз жазып алған тұрғын туралы хабарлама келіп түскен. Жедел іздестіру барысында көлік жүргізушісін Бобровка ауылынан таптық. Көлік жүргізуішісі өзінің кінәсін мойындап, айыппұл арқалады. Сондай-ақ көліктің техникалық талапқа сай емес екендігі де анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Көлік иесі терезедегі былапыт сөз жазылған жапсырманы оқиға орнында алып тастады, – дейді Глубокое аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы, аға лейтанант Азамат Бақытбекұлы.

Көлік жүргізушісі бұл әрекетінің бұзақылық екенін білмегенін алға тартып, енді қайталамайтынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив