ШҚО-да әріптесінің көлігін теуіп кеткен тұрғын 2,5 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Семей тұрғыны көлігімен Карьерная көшесіне келген. Көпқабатты үйлердің бірінің ауласына тоқтаған қамсыз азамат көлік есігін ашық қалдырыпты. Осы орайда пайдаланған қаскөй, аңғал азаматты жаяу қалдырған. Жапа шегуші полицияға жедел хабар берген екен.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері арыз берушінің 38 жастағы әріптесін ұстады, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Көлік ұрлаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған бір мың АЕК (2,5 млн теңгеге дейін) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да әкесінің көлігін теуіп кеткен жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалдыӨскеменде өз анасын тонаған қаскөй ұсталдыӨскеменде мүгедек жанның балдағын тартып алған тұрғын 5 миллион теңге төлеуі мүмкінГаражда тұрған көлігін айдап әкетті Өскеменде бір күнде екі миллион теңге «табатын» шебер сотталуы мүмкін