Өскемен тұрғыны дәрігерді балағаттағаны үшін айыппұл төледі
Фото: niioncologii.ru
Облыс орталығының тұрғыны медицина қызметкеріне былапыт сөйлегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 80-1 бабы 2 бөлігі (Медицина қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту) бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
2023 жылдың 8 қазанында 21 сағат 25 минутта азамат И. Өскемен қаласы Абай даңғылында орналасқан «Амбулаториялық орталықтың» ғимаратында медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде оларға былапыт сөздер айтып, дөрекі мініз - құлық көрсетіп, құрметтемеушілік танытқан.
Сот қаулысымен азамат И. ҚР ӘҚБтК- нің 80-1бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 72 450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.
Жанаргүл Мұқатай