KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Тұқым сапасына қатаң сараптама жүргізіледі – ШҚО

сурет редакция архивінен

27.05.2024, 17:14 161 Айжанат Бақытқызы

Егіске дайындық кезінде қоймадағы тұқымдардың түрі мен санын ғана емес, сапасын да тексеру маңызды. Мамандардың айтуынша, тұқым сапасына сараптама жасау өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ның ел аумағында аккредиттелген тұқым зертханалары бар. Ұйымда жоғары санатты мамандар жұмыс істейді.

Тұқым сапасына сараптама «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына, сараптама жүргізу қағидаларына және зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Сараптама бес көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Оған тазалығын, ылғалдылығын, өнгіштігін, қора зиянкестерімен, аурулармен ластануын, 1000 тұқымның массасын анықтау жатады және егу жарамдылығын анықтау жүргізіледі.

«Тұқымның өну жылдамдығы, 1000 тұқымның массасы тұқым себу жылдамдығын есептеу кезінде өте маңызды. Сынақтардың барлық түрлері нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тұқым материалын қабылдау сынамаларды қабылдаудан басталады. Сұрыптық құжаттардың болуы міндетті», - дейді зертхана мамандары.

Сала мамандарының айтуынша, тұқымның ылғалдылығы оны сақтау кезінде маңызды. Өйткені, тұқымның жоғары ылғалдылығынан өздігінен жылыну пайда болып, бұл астықтың қараюына әкеледі. Дәнде глютен аз болады, оның сапасы нашарлайды.

Әртүрлі дақылдар үшін тұқымның шекті ылғалдылығы белгіленген. Мәселен, дәнді дақылдар тұқымдарының ылғалдылығы 15,5%-тен аспауы тиіс.

Тұқымның ылғалдылығы үлгі зертханаға түскен сәттен бастап екі күннен кешіктірілмей анықталады.

Тағы бір маңызды көрсеткіш – тұқымның тазалығы, тұқым қоспасыз болуы керек. Қалдықтардың мөлшері осы тұқым партиясының ластану дәрежесін сипаттайды. Әсіресе, басқа мәдени және арамшөп тұқымдарының қоспасы жағымсыз болады.

Ал тұқымның өнгіштігі әр дақыл үшін тұқымның оңтайлы жағдайда өнуі арқылы анықталады.

1000 тұқымның массасын анықтау тұқымдардағы қоректік заттардың қорын бағалауға мүмкіндік береді, яғни бір дақылдың 1000 тұқымының массасы неғұрлым жоғары болса, ондағы қоректік заттардың мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Зиянкестерімен ластанған тұқымдардың өнгіштігі жоғалады және саңырауқұлақ ауруларының даму қаупі артады.

Зертханада зерттеу жүргізу кезінде тұқымның өнуінің барлық шарттары толығымен орындалады. Нәтижелерді өңдеу тек мемлекеттік стандарт бойынша жүзеге асырылады.

Егіске дайындық кезінде қоймадағы тұқымдардың түрі мен санын ғана емес, сонымен қатар оның сапасын да тексеру керек. Мысалы, дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемшөп тұқымдарына арналған кондиция куәлігінің қолданылу мерзімі небәрі 4 ай. Ал өну көрсеткішінің дұрыс болмауы өнімділікті төмендетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу