KZ
Өскемен
-7°
ясно Штиль
497.89 525.12 5

Жарыстың бас жүлдесі батысқазақстандықтарда

Бүгін, 19:00 39 Гульжан Мусина

Өскеменде допты хоккейден Қазақстан кубогы үшін жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үш күнгі созылған дода ойындары қызыққа әрі тартысқа толы болды. Облыс орталығындағы мұз айдындарының бірінде өткен жарыстың бас жүлдесі үшін әдеттегі фавориттер Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары, сондай-ақ  Астана мен Алматы қалаларының командалары таласты. Және бұл жолғы бәсекеде Батық Қазақстан облысы хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Шешуші кезеңде Оралдан келген команда айдын иелері шығысқазақстандық қарсыластарының алдын орап кетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынға Астана қаласының командасы көтерілсе, төртінші және бесінші орындарды Ақмола облысы мен Алматы шаһарының құрамалары місе тұтты. 

Дода соңынан үздік ойыншыларды марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды. Бұл тұста екі жерлесіміздің өнері ерекше аталып өткенін айтқан жөн. Ол: турнирдің «Үздік қақпашысы» атанған Кирил Кириллов пен «Үздік шабуылшы» аталымында жеңіске жеткен Антон Свешников.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу