KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Риддерде құрылыс жұмыстары қызып тұр

фото: inbusiness.kz

5.06.2024, 18:00 128 Нұржан Кенжеұлы

Соңғы жылдары кеншілер шаһарында құрылыс жұмыстары қарқын алып, қызу жүргізілуде және бұл тек тұрғын үй құрылысына қатысты емес. Қала әкімдігінен хабарлағандай, биылғы төрт айда Риддердегі құрылыс жұмыстарының көлемі 10 миллиард 710 миллион теңгеге жетті, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,2 пайызға артық.

– Жыл басынан бері 1 016 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 28,2 пайызға көп. Жалпы, құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Ал тындырар шаруа одан да көп, – дейді қала әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжұменов.

Мәселен, денсаулық сақтау саласына келер болсақ, қалада құрылысы 2021 жылы басталған 500 адам қабылдай алатын емхана мен 140 орынға шақталған стационардың құрылысы жалғасуда. Жобаның құны 35,2 миллиард теңге шамасында. Емхананы 2024 жылы, яғни биыл пайдалануға беру жоспарланған, ал стационар келушілерге есігін келер жылы ашпақ.

Қалада аса өзекті болып тұрған мектеп мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келе жатыр. Қала басшылығы хабарлағандай, осыдан біраз бұрын Киров көшесінде 600 орындық білім ордасының құрылысы басталған. Аталған жобаның 2023-2024 жылдарға арналған қаржыландыру сомасы – 4 миллиард 413 миллион теңге. Мамандар нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив