Өскеменнің іргесіндегі 200-ден астам үйге су тартылады
фото: depositphotos.com
Өскемен қаласының шағын аудандары барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Искаков айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай бағыттың бірі – тұрғындарды таза ауызсумен қамту. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, биыл Лесхоз кентіне су құбырын тарту жұмыстары басталады. Бұл 197 үйде тұрып жатқан 600-ге жуық адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, дәл осындай жұмыстар Халықтар достығы көшесі бойындағы жаңадан салынған жеке үйлер ауданында да жүргізілетін болады. Осының нәтижесінде тағы 34 үйге су құбыры тартылмақ.