2024 жылы Өскемен қаласының коммуналдық секторын қандай өзгерістер күтіп тұр
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Алдағы 2024 жылы облыс орталығының коммуналдық секторында бірнеше ірі жобалар жоспарланған. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Согра ауданында тазарту құрылыстарын қайта құру, ал ҚШТ ауданында №2 қазандық кеңейтілмек. Сонымен қатар, Лесхоз ауылында су құбырының құрылысы басталады.
«Бұл мәселе қала құрамына енгелі бері көтеріліп келеді. Красина ауылындағы желілерді қайта құру жұмыстары аяқталды. Енді коммуникацияларды Лесхозға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Халықтар достығы көшесіндегі жаңадан салынған жеке тұрғын үйлер аумағына су құбыры тартылады», - деді қала басшысы.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қала жолдарына тиімді қызмет көрсету үшін коммуналдық көліктер паркін кеңейту жалғасады. Биыл қала әкімдігі «Таза Өскемен»-ге үш бірдей жол техникасын сатып алуды жоспарлап отыр.
"Өткен жылы бес жаңа қоқыс машинасын алдық және 2024 жылы тағыда жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Біз сондай-ақ «Таза Өскемен» техникасы мен қалдықтарды жинау ұйымдарының жұмысын жалпыға қолжетімді онлайн бақылау қызметін қарастырудамыз", - деді Жақсылық Омар.