KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Алаш әскері тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

6.06.2024, 14:52 118 Қызырбек Дүргінбайұлы

Зайсан уезінде 1919 жылы құрылған Алаш жасағының тұңғыш командирі болған Адамбек Бекмұхамедов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Адамбек (Әденбек) Бекмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшесі болған. Жуынгер тұлғаға арналған іс-шараның іске асуына Зайсан ауданының Құрметті азаматы,  қаламгер Қалибек Алтыбаев ұйтқы болып, ескерткіш тақта Зайсан аудандық тарихи өлкетану мұражайының қабырғасына орнатылды.

– Бұл іс-шара Адамбек Бекмұхамедовтің ерліктерін еске түсіріп, болашақ ұрпаққа патриоттық сезімді жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Алаш жасағының командирі 1898-1929 жылдар аралығында өмір сүрген және 1921 жылы дәл осы үйде тұрған екен, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Жиынға қатысушылар өткен тарихты еске алып, оның ерлігі мен батырлығын мәңгілік есте сақтап, болашақ ұрпаққа үлгі ету керектігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив