KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Жастар ресурстық орталықтарының маңызы артып келеді

7.06.2024, 14:30 164 Нұржан Кенжеұлы

Облыс әкімдігінде жастар мәселесіне арналған алқалы жиын өтіп, оған аудан-қалалардағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары, жастар ұйымдарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиында жастарға қатысты көптеген мәселе қаузалды. Мәселен, басқосуға Астанадан арнайы келіп қатысқан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова қоғамда белең алып тұрған бірқатар проблемаға тоқталды.

– Дәл қазір жастар ресурстық орталықтарының міндеті бұрынғыдай қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысумен шектелмейді. Себебі, қазіргі уақытта бұл жай ғана жастар бас қосатын орталықтар емес, керісінше үлкен қоғамдық-саяси күш деуге болады. Сондықтан, аталмыш орталықтар да елге, ұлтқа ортақ өзекті проблемаларды шешуге атсалысудан шет қала аламайды. Оның ішінде қазір қоғамдық дертке айналған лудомания, есірткіге тәуелділік, несиеге бату, буллинг сияқты проблемалар бар. Репродуктивті денсаулық мәселесі де назардан тыс қалмауда. Біз ғылыми-зерттеу орталығы болғаннан кейін, өз тарапымыздан облыстардағы жастар ресурстық орталықтарымен ақпарат алмасып, қолда бар әдістемелік материалдармен бөлісуге тырысамыз. Мәселен, бізде «Есірткісіз болашақ» қоры жұмыс істеп келе жатқанына біраз уақыт болды. Бұл қор Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Нәтижелер де жоқ емес. Өздеріңіз білесіз, бізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша есірткімен күресу жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Және мұндай мысал көп, – дейді Айсұлу Ерниязова.

Жиын барысында «Дипломмен ауылға» және «Жасыл ел» бағдарламалары мен «Zhas Project» жобасының жүзеге асырылу жайы да талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан жастар ресурстық орталықтары мамандарының жалақысын өсіру мәселелеріне көбірек көңіл бөлінсе деген ұсыныстар да айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив