KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да әскери-патриоттық лагерь ашылды

25.06.2024, 11:31 145 Ынтымақ Толқын

Самар ауданына қарасты Новостройка ауылында әскери-патриоттық лагерь өз жұмысын бастады.

Ақыл-ойды ұштап, төзімділікке баулитын он күндік лагерьге  облыс аумағынан 45 бала қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Балауса-2» балалар лагерінің базасындағы демалысқа 7-8 сынып оқушылары шақырылған.

– Бірінші маусымнан бастап балаларға арналған демалыс маусымы басталған болатын. Оқушылардың жазғы демалысын қызыққа толтыру мақсатында әртүрлі жобалар әзірленген. Соның бірі осы әскери-патриоттық лагерь. Мұнда облыс бойынша 45 бала жасақталды. Негізгі мақсат – балаларға ұмытылмас демалыс ұйымдастыра отырып, патриоттық тәрбие беру және төзімділіктерін шыңдап, әскери өмірдің қыр-сырымен таныстыру, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Он күндік демалыста оқушыларды әскери дайындық бойынша танымдық сабақтар, дене шынықтыру жаттығулары мен ойындар, сондай-ақ, туристік жорықтар күтіп тұр.

 – Балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін жоспар жасадық. Әскери орыннан арнайы үш офицер де он күн бойы оқушылармен болып, оларды қару-жарақты қолдану, жорыққа шығу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулитын болады. Сондай-ақ, біздің өңірден шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мұражайларға саяхат жасау жоспарланған, – деді «Балауса-2» спорттық сауықтыру лагерінің  директоры Дәурен Талғатұлы.

Жазғы уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге келген оқушылар демалысты сапқа тұрып, салтанатты ант қабылдаудан бастады.

– Лагерге Риддер қаласынан келдім. Алғашқы күннен бастап барлығы ұнап жатыр. Бүгін ант қабылдадық. Өзімді сарбаз ретінде сезініп, бойымды ерекше сезім кернеп тұр, – деді оқушы Қайыржан Дарханұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив