Республикалық чемпионаттың ең жас садақшысы бес жаста
Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысы шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, байрақты бәсекеде 7 жастан 17 жасқа дейін жасөспірімдер бақ сынап жатыр. Бүгін кіші топтағы, яғни 7-9 жас аралағындағы балғын садақшылар бәсекеге түсті. Ең жас садақшы – бес жаста.
Сайыскерлер үш түрлі нысанада өнер көрсетті. Атап айтсақ, Пута, Қалқан және Жамбы нысанасы.
Пута нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:
Ұлдар:
- I орын – Айсұлтан Нұртаев, Абай облысы.
- II орын – Бекарыс Нұрлан, Түркістан облысы.
- III орын – Мұстафа Жукейхан, Алматы қаласы.
Қыздар:
- I орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.
- II орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.
- III орын – Айша Құттыбай, Жамбыл облысы.
Қалқан нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:
Ұлдар
- I орынды – Бекарыс Нұрлан, Түркістан облысы.
- II орын – Мұстафа Жукейхан, Алматы қаласы.
- III орын – Дінмұхаммед Тұрарбек, Түркістан облысы.
Қыздар
- I орын – Айша Құттыбай, Жамбыл облысы.
- II орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.
- III орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.
Жамбы нысанасын көздеп атудан жеңіс тұғырына көтерілгендер:
Ұлдар
- I орын – Бақыт Қожалхан, Түркістан облысы.
- II орын – Дінмұхаммед Тұрарбек, Түркістан облысы.
- III орын – Абубакр Абдуали, Шымкент қаласы.
Қыздар
- I орын – Аяла Ізтілеу, Жамбыл облысы.
- II орын – Гүлнұр Озкрим, Атырау облысы.
- III орын – Кәусар Байжанова, Қарағанды облысы.
Шығыс Қазақстан өңірінде тұңғыш өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан ел біріншілігі ертең де жалғасады.
фото: Аяужан Утеулина