KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да келер жылдың соңына дейін 30 антенна салынады

көрнекілік сурет: depositphotos.com

22.07.2024, 20:04 143 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысында  «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар жолдардың бойына 30 антенна орнатылады.

Антенналар орнатылатын координаттарды талдау үшін мамандар алты шалғай ауданда көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сондай антенналардың бірі Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылында салынбақ. Ауылдық округтегі елді мекендерді интернет байланысымен қамтамасыз ету  мақсатында 20, 25 және 60 метрлік үш  антенна құрылысы  жоспарланған. Жобалардың жалпы құны  210,5 млн теңге. 

Аудан әкімі Дархан Шомпайұлы жуықта  Жаңаауыл ауылында салынып жатқан антеннаның құрылысымен танысып қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдің әр ауданында салынатын  антеннаның құрылыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив