Алакөлге дельтаплан құлады
Фото: ТЖД
Азаматтық авиация комитеті Алакөлдегі дельтапланның құлауына қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
25 шілдеде Алакөл көлінде (Ақши ауылы, Алакөл ауданы, Жетісу облысы) әуе кемесінің құлауынның салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын.
Комитет мәліметінше, бұл әуе кемесі азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше оның ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған. Ұшқышта авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ.
"Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады. Әлеуметтік желілерде әуе кемелерінде, шарларда және басқа да ұшу аппараттарында әуе сапарларын жарнамалау жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты біз барша азаматтарға үндеу жолдаймыз. Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру маңызды", - дейді комитет өкілдері.
Оқи отырыңыз