Ел ішіндегі ұшақ билеттері арзандайды
Ел үкіметі жаңа бағыттарды қаржыландыруға кірісті. Осының арқасында өңірлерді жалғайтын 16 бағыт ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады деп жазылған 24.кз сайтында.
Комитет ақпаратына сүйенсек, осы орайда 11 желтоқсан күні арнайы конкурс өтпек.
Байқауға жолаушы тасымалдауға рұқсаты бар кез келген әуе компаниясы қатыса алады. Конкурсқа шығарылған бағыттардың 10-ы турзимді дамытуға арналған. Бұдан былай Алакөл, Балқаш, Бурабай сынды көрікті орындарға бару анағұрлым арзан болады. Әуе билеттерінің құны 4 мың мен 24 мың теңге аралығын қамтымақ.
Оқи отырыңыз