Алакөлде су мотоциклі демалушының аяғын жұлып кетті
Көрнекі фото: © pixabay.com/Pexels
Алакөлде демалушының аяғын су мотоциклінің ескіші жұлып кетті.
Оқиға 30 шілде Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылындағы көл жағалауында болған.
1984 жылғы зардап шегуші Алакөл ауданының ауруханасына жеткізілді.
«Қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. 1984 жылы туған пациент Алакөл аудандық ауруханасына 30 шілдеде сағат 16:10 келіп түсті. Алған жарақаты салдарынан пациенттің сол аяғы жұлынып кеткен. 3-4 сатыдағы травматикалық шок алған. Жедел түрде сол аяғына операция жасалды. 31 шілде күнгі мәлімет бойынша пациенттің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - делінген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция дерекке қатысты ҚР ҚК 344-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.